Өлім

Өлім: Бұл менің түсінігімше, жарық дүниемен қоштасып, ол дүниенің есігін ашар сол бір тылсым сәт.
Ал осы бір өлшемсіз аз сәттен соң өлік деген атау өз мәртебесін таппақ.
Біздің күнделікті өмірімізге аса қажетті оттегі организмды қартайтатын басты себепші болатынына кейбіреулер мүмкін сенбейтін де болар. Адамның тұтынып жүрген заттары адам өміріне белгілі мөлшерде пайдалы және зиянды әсерлерін тигізеді. Сол зиянды әсерлер салдарынан адам қартаю, қуатсыздану, көз жұмып бұл өмірден қайту дегендер қалыпты құбылыс болып табылады.
Осы жарық дүниемен қоштасарлық сол бір тылсым сәтті ой елегінен өткізіп көрмеген адам сірә жоқ шығар. Ой елегінен өткізіп елестеткен сәтте ол адам қандай сезімде болды екен және қандай елес көз алдына келді екен. Өлімнен қорықсын, қорықпасын әйтеу-бір осы сәтті елестеткенде жон арқасы мұздамаған адам аз шығар. Десе де осы сәтті елестеткенде өзінше бір құбылысты көз алдына келтіргені күмәнсіз. Ендеше өлім деген тылсым сәттегі құбылысты адамдар қалай елестететіні жайлы толғанып көрелік.
Сөз қозғағаннан бұрын елес тууға әсерін тигізетін жайттар туралы айта кеткен жөн болар. Менімше сол адамның дінге деген көзқарасы басты әсерін тигізетіні сөззсіз, сол себепті дінге сенетіндердің елесі және дінге сенбейтіндердің елесі деген екі түрге бөлген жөн секілді.
Олай болса дінге деген сенімі мол адамдардың елесін сөзбен суреттеп көрелік.
“Бір құдыретті күш рухыңды көкке ала жөнеледі. Қарсыласуға дәрменсізсің! Жақындарыңның абыржулы жүздеріне, жарық дүниеге қимастықпен соңғы рет назар саласың! Құдырет күші аса жылдамдықпен ала жөнелгендіктен бұл дүниенің жарығы жіңішкеріп барып үзіледі”
Ал енді дінге деген сенімі аз адамдардың алтыншы сезімі не дейтінін алып көрелік.
“Құтқару ешкімнің қолынан келместей жойқын күш сені су секілді бір тұңғиыққа тұншықтыра батыра жөнеледі. Сол тұңғиыққа батпауға талпынсаң да еш дәрменсізсің! Тұңғиықтың шетінде шыр пыры шығып туған, туысқаның тұр. Қай қайсысының да қолынан келер еш қауқар жоқ! Тұңғиық түбіне тарта түседі. Бұл дүниенің жарығы жоғарыда бұлыңғырлана бұлдырайды. Бірте бірте күңгірттене береді де соңғы талпынысыңды жасап тұңғиыққа мәңгіге батасың”
Міне бұл өлім елесі яғни сол бір тылсым сәттің адам адам санасына салған суреті.
Ақыры бір өлмек шын! Бірақ мұсылман баласы үшін өлім жат нәрсе емес болуға тиіс, өйткені өлім әрбір мұсылман адамның басты қуаныштарының бірі.
Тек аллам жарылқасын…

Өз қолыммен жасамаған қылмыс

Өз қолыммен істемеген ұрлық

Қоғамның қатынасы әрқилы салада өзінің жеттік деп айтарлықтай жемістеріне жетіп жатыр. Соның бірі қоғам қайшылықтары, анықтап айтсақ қылмыс қайшылықтар. Кейбіреулер қылмысты кәсіп қылып та алғанын оңай аңғаруға болады. Бұған бұқара қалықтың арасынан қәне емес басшылар да, тіпті діни ұйымның адамдары да араласып жүргені жасырын емес. Бұны өз жетістігінің шыңырау шегіне таяап қалған бақылау органдары ашық көрсетіп отыр. Бақылау ұйымдарының іс қызметкері жақсаруына байланысты қылмыстық істердің де жасалу айлалары жіңішкере түсуде. Жақында осындай қылмысқа өзімнің де қалай барып қойғанымды біле де алмай қалдым, бірақ жасап үлгердім. Бұл қылмысымды ашып айтсам ұрлық қылмысының бірлесіп істеушісі.
Оқиға барысын сіздерге таныстыра өтейін- Бертін университетте бірге оқыған жолдастармен бас қосу болып өтті. Бірнеше жыл кездеспеген соң не, ырду-дырду болдық та қалдық. Сонымен не керек ойнап тойласып тарайтын болып жатыр едік бір досым; екеуміз қолғабымызды ауыстырсақ қайтеді дегенәі. Мән мағынасын толық ұғынбаған мен сәл пәл қане айырмашылығы бар, менікінен сәл жаңа қолғабын, не үшін менікіне ауыстырғай тұрғанын сұрадым. Жәй біреуден жасырып алған қолбағым еді артынан көрсе, шу көтереді дегенім ғой жаңа қалпында екен сен екеміз ауыстыра салайық сонша көп айырмашылық жоқ қой деген соң көп ештеңе ойламай ауыстыра салдым.
Көп өтпей ойын сауықтың қызығы басылған кезде ойлап қарасам және бұл қолғаптың иесін қалай тапқанына толық қанық болған соң ұрлық жолымен келген дүниені тұтынып жұргенімді ұқтым. Өзімнің де бақылау ұйымдарының көзіне түспек түгілі түсіне де кірмес айлалы ұрлыққа араласып қалғанымды ұқтым.
Құдай-ау мен бұрын ұрлықты істейін деп істеп көрмеген жан едім ғой енді кәмелет жасыма келгенімде бұл қалай сасқаным!
- Жәәәә менен басқа адамдар менің бұл ұрлық жасайтын айламмен ұрлық істей ма екен әлде мен шынымен жаңалық аштым ба ойланып көрейінші …….
- Иә иә тапқан да секілдімін. Басшылар дәл осы ұрлық жолымен қарапайым қалықтың қанын сүліктей сорып жүрген жоқ ба?!!! (менің орныма кей басшыларды қойып ойлап көріңіздерші ағайын)

Уһ жақсылап бір демімді ішіме тартайыншы бұл қылмыс айласы әйтеу бір менен бастала қоймаған екен.
Дегенмен де мен де басшылардан қалысы қоймаған екенмін әрине тапқырлық жағынан бұған да құдайға шүкіршілік айтайыншы.
Әәәәй дегенмен мен бастық болсам қойатын емеспін ғой құрып кеткір құрысыншы осы ұрлық!!!

(Мен бұл ұрлық жәйлі әлгі негізгі себепші болған досым осылай ойлап отыр дегенге күмәнді болғандықтан өзім істегеннен де ары болып отырғанымды түсініңіздер!!!)

Мен Қазақпын

Мен қазақпын.
Мен қазақпын- бірақ қазақ екенімді мойындатып қазақсың деп айтқызуға зар қазақпын.
Тікелей қазақтардың арасында жүрмегендіктен мүмкін солай сезілетін де шығар. Ертеректе достарыммен бір отырыста бірге болдым, досымның ере келген жолдасы ішімдіке бой беріп қыза бастаған кезде менің қазақ екенімді бетіме салық қыла бастады. Әрине оның айтары бірдің басы бірдің аяғы бірақ ол мені қазақ деп емес хасаг немесе қасық деген атпен шақыруы ашуымды келтірді.
Хасаг дегені мұқатқаны ғой онысына түкіргенім бар. Ал оларды біздің туыстар Есектер дейді ал кейбір сыйлағандары ұлкен ауылдың адамдары дейді. Ал өздері өздерін жақтырмай қалса Сиыр Млнголдар деп жатады. Қазақ десен мейілі хасаг десін әйтеу мен қазақ екенімді сонда бір күрсіне еске алам.
Мұнда жағдай осылай ал Қазақстанға көшіп барған туыстар қыдырып келгенде кеңесіп отырсаң олар бізді қазақстандықтар оралман немесе басым көпшілігі Монголдар дейді деп отырады. Сонда біз Қазақ емес болғанымыз ба мұны ойласаң халхалардың хасаг дегені негізі жөн де секілді.
Неге десең біз біріншіден ата мекенге барсақ та қазақ атана алмаймыз ғой. Олай болса не болса да дөрекілеу болса да Монголда тұрып шала шарпы қазақ екенімізді біліп жүрсек те болатын секілді.
Қаным таза бойымда нар қазақпын,
Жаным таза намысы бар қазақпын,
Түзде туып жат елде өскендікетен
Қазақсыңғой дегізуге зар қазақпын.

Апам

Апам

clip_image0026 Иә менің қазіргі адам дәрежесінде өмір сүруіме өзінің қайтарымсыз мейірін, аналық аяалы алқанын төсеген парызы өтелмес үлесін қосқан адам ол менің апам еді.

Апам жайлы азғана- Апам (Гәуһәр) 1925 ші жылдар шамасында дүниеге келіпті. Руы шеруші, сүйегі саңырау. Балалық шағынан білерім шамалы болғандықтан азғантай білетіндерімді жазайын.

Небәрі 18 жасында атамыз Мұрсалиманның екінші әйелі болып босаға аттайды. Атамыз сол кезде жасы 30 ды ауқымдап қалған кісі болса керек қайтыс болған алдыңғы әйелінен туған Янжмаа атты қызын апамыздын бауыры Мотай деген кісіге қалыңмалдыққа беріп апамызды алған екен. Иә апамның өмірі бастабынан ақ тағдырдың тәлкегіне түскені айтпасам да белгілі болар. Орта дәрежелі шаруа болған атамыз 50 дер шамасында дүниеден қайтады да апамыз енді жесір қалады. Алды 20 ға жаңа жеткен арты 3 жаста 8 баламен қалған анамыздың мойнына нар көтермес жүк артылады. Осы кезде әкем 7 жаста қалған екен ұлдың кенжесі, өзінен үлкен төрт ағасы 2 қарындас 2 әпекесі болады. Жоғарыдағы сегіз баланың екеуін ағайын туыстарымыз бауырларына ерте салып алған болса керек және өзі де бір ағайындарымызға ұл бала бердім орнына бала алам деп әкемнің кенже қарындасын бауырына салады. Сонымен жеті баланы өсіріп жеткізеді. Ал балаларынан алып асыраған баласын айтпай ақ қояайын оларды апам бақыты, қызығы үшін алған шығар. Солардың бірі мына мен едім.

Мен апамның өмірін үнемі қыйыншылықпен толы болды демеймін қайсар ана өмірдің қыйыншылығын көре жүріп ұлын ұяға, қызын қяға қондырып солардың қызығын көріп келді.

Мен туралы қысқаша- Мен 1985 жылы Улаанхус сұмынында өмірге келіппін. Туадан әлжуаз туған мен жасқа шыққанша егзем (қазақша осылай ма білмедім қотырдың бір түрі) шығып тіптен әлсіз болсам керек. Міне осы кезден бастап апам екеміздің әже немерелік қатынасымыз шынайы түрде орнапты. Қотырдан шыққан сары суды құрғақ ағашпен қырып құрғататын болса керек мұны көрген басқа кісілер мынау адам болама-ей дескен дейді. Соңынан ес біле бастағаннан аға класс оқушысы болғанға дейін апамнын қойнына жатып өскен едім Сонымен не керек мен адам санатына қосылып апамның әжелік борышын кейде ойлап кейде ұмытып зытып жүргенде апам дүниеден озды дегенді бүгін тәңертең естідім.

Мен қазыр оқып білім алудамын яғни апамнан алыстамын. Қасында болып өмірінің соңғы сәтінде соңғы бейнесін көре алмағаныма қатты өкінемін. Және мәңгі борыштар болып қалдым.

Апа сіздің мейірім төккен жүзіңіз, аналық ақылыңыз ұрпақтарың біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Топырағыңыз торқа болсын!!! Аллаһ сізге жаннаттан орын сыйласын.

Улаанбаатар қаласы 2009 жылы Қаңтар айының 10 жаңасы.

Баяндама

Қызыл қайың студент жастарының Көңілді бір күн

атты жиналысына арнаған баяндама.

Құрметті қарындастар!

Құрметті бауырлар!

Ең әуелі сіздерге бүгінгі күннің жалынды сәлемін жолдаймын!!!

Ынтымақ, бірлік берекеге жету мақсатымен құрылған Ынтымақ клубының бір жасқа толу мерекесімен қызу құттықтай келе осы мереке қарсаңында сіздермен жүздесуге тағдыр қосқанына шексіз қуаныштамын.

Жыл айланып бір шала шарпы кезігіп жүргендіктен бүгінгі бас қосуды пайдаланып сұмынымыздың жастарына ағалық ақыл боларлық және өзімнің жастарымыз осындай болса ғой деп ойлап жүретін бірер ауыз ой пікірімді ортаға салуды жөн көрдім.

Қазіргі өсіп өнген ортамыз Қызыл қайыңның өркен, дамысын және жетістіктерін тым жақсы деп айту әрине мүмкін емес. Тіпті кейбір сұмындармен салыстырғанда тіптен кейін тұрғанымыз байқалады. Ал сұмынымыздың келешек дамыс, өркениеті сіздер мен біздердің сапалы білім алып әлеуметтік іс шараларға қаншалықты белсенді қатысқандығымызға тікелей байланысты.

«Адам күні адаммен» дейді атам қазақ. Қара қылды қақ жарарлықтай әділ де, шынайы, келешекті нақты болжай айтқан ата бабаларымыздың асыл сөзідері бүгіндер нақты нысанасына тиіп тұрғандай сезіледі. Шынында да қазақтан сөз қалмағаны расталғандай.

Нарықтық қоғам және де дамыстың бүгінгі қарқыны адамдарды қоғамның қандай бір қатынасына етене араласуды, белсенді де жінтікті болуды, білімді де білікті, бірлікшіл де берекешіл адаммен дұрыс қатынаса білуді әрбір адамнан талап етуде. Мұны бірнеше мысалмен дәлелдесек:

· Бүгінгі тұтынып отырған заттарыңыз күні ертең ақ ескі, заманы өткен затқа айлануы ғажап емес. Өйткені сан мыңдаған салаларда, сан мыңдаған өндірістер жаңа заттарды өндіріп шығаруда.

· Дәл қазыр сіздің біліп отырған жаңалықтарыңыз күні ертең ақ басқа жаңалықтармен ауысып мүлдем маңызсыз болып қалуы әбден мүмкін. Өйткені интернет жүйесін сан миллиондаған адам пайдаланып, қас қағымдық сәттерде жаңа білім, ғылым жаңалықтарымен байытуда.

Міне мұның бәрі білгеніңді басқаға-білмегеніңді басқадан деген жаңа қағиданы пайда болғызды. Сан мыңдаған жаңалықтарды бір өзің тауып алу әрине оңайлыққа түспейді. Сен бір күніңді тек жаңалықтар іздеуге қане емес, жұмыс істеу, тапсырма орындау, тамақ ішу, ойнап көңіл көтеру, демалу секілді сан алуан қажеттіліктерге жұмсауың керек болады. Өмірдің күйбеңі әйтеу бір бізді кей бір нәрселерден қалыс қалуға апарып соқтырады.

Олай болса:- “Қалыс қалған жаңалықтарды қалай толықтырып отыруымыз керек?” деген сұрақ тууы сөзсіз.

Меніңше дұниеден қалыс қалмай, бүгінгі өркениеттің сан қыйлы өрнектерімен танысып отырудын келесідей жолдары бар.

Біріншіден: Керемет діншіл болмасан да иманың болсын. Бұл күндер дінге деген сұраныс, ізденіс артып келеді. Мұның себебі адамдардың ой санасы жоғарлап, әйтеу бір өлім бар екеніне мойындап, бұл өмірде өлімнен қорқпай алаңсыз өмір сүріп, о дүниеде жаннатта болуды қалай бастағандығы. Имандылықтың артында- ибалылық, мәдениеттілік, силастық, бауырмалдылық тұрары сөзсіз. Қайткен күнде де дінге сыйын, діліңді күшейт демеймін бірақ дініміз исламның тәрбиелік мәні орасан зор екендігін айта кетуді жөн көрдім.

Жалпы ислам діні ғане емес басқа діндерге де өз тарапыңнан қортынды жасап біле жүргенің жақсы

Екіншіден: Мүмкіншілігіңе сәйкес интернет жүйесін үнемі пайдаланып отыруға тырыс!

Себебі; ең соңғы, әр саланың, әр қыйлы, ғылыми жәнеде діни тіпті дүниеуй жаңалықтар интернет жүйесінде толып тұр. Тек қане осы жаңалықтарды сарапқа салып, ой таразыңнан өткізіп дұрысын дұрыс деп біліп, бұрысын бұл қалай?, неге олай? деген секілді сұрақтармен сараптап мән бере қарай білген жөн.

Бұл жерде айта кетерліктей бір жай Туған жеріңе туыңды тікдемекші, жерлесіміз Марқаметтің сіздерге арнап ашқан Virtual бұрышы жайлы. Бұған маңыз беріп мәнін түсіндіре кетсек. Бұл бұрыш топқа /бөлекке/ арналған. Топ мүшелері өзінің ойын ортаға салуға құқылы жәнеде бұл ой пікірі топтың барлық мүшелерінің mail адресі арқылы тарайды. Осы арқылы ара қашықтықтың алыстығына қарамай бірге отырғандай ақ пікір алмастыруға болады. Білмегеніңді басқадан, басқадан болғанда өзіміздің Қызыл қайың жастарынан сұрап, білгеніңді өзіміздің Қызыл қайың жастарымен бөлісетін табылмайтын мүмкіншілік. Мүмкішіліктен айырылу бұл қол жетер жетістіктен айрылғанмен бірдей.

www.groups.yahoo.com/group/intimah/ арқылы бұл бұрышқа тізімделулеріңізді өтініш етемін.

Үшіншіден:Бермесең алыспайсың, бармасаң алыстайсыңдегендей басқамен үнемі қарым қатынаста болуды ойла. Бұл орайда досы көпті жау алмас, ақылы көпті дау алмасдеген мақалды да еске сала жүрген абзал болар.

Өкінішке орай жастарымыздың қандай бір жиын, бас қосулардан ат тонын ала қашуы түсінбейтін жәй. Бүндай жыйындардан сен: басқалар қалай әлеуметтік қоғамға араласып жүр, мен бұл қоғамда қандай орында жүрмін деген секілді көптеген нәрселерге көзің жетеді. Неге сен басқалардан кем болуға тиістісің, әсте кем емессің қайта сенде өзіңдік көптеген артық қасиет бар. Артықшылықтарыңды басқаға мойындатып, кемшілігіңді басқадан біліп алу үшін қандай да бір әлеуметтік іс шаралардан қалыспауың керек.

Төртіншіден: Ізденішің күшті болсын. Қандай бір мәнін білмеген дүниені қалай екен иә деп тек таң қалып қане қоймай, бұл неге олай?, мұны неге мен білмей қалдым? деген секілді сұрақтар қойып мән беріп, мағнасын жете түсін.

Менің лебізім

Баршаңызға бүгінгі күннің сәлемін жолдаймын. мен бұл блогты интернет жүйесін пайдаланатын барлық адамдармен пікір алмастыру үшін ашып отырмын. Менің бұл блогымды қызықтаушы құрметті жамағат, сіздерді құнды пікірін қалдырады дегенге сенімдімін.